8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Желтоқсан 2023 3794 0
Қоғам

Қазақстанда 1 наурызға қараған түні уақытты ауыстыруы мүмкін


Қазақстан 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына қараған түні бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланды.

Ендігі кезекте, Қазақстанның бүкіл аумағына UTC+5 белдеуін қолдану ұсынылады.

«Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады», – делінген құжат мәтінінде.

Жобаны қоғамдық талқылау 22 желтоқсанға дейін ашық.

Бір жыл бойы бір топ ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер осы мәселені талқылап, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін белгілеуді ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл қазақстандықтардың денсаулығына тиімді әсер етеді деп есептейді. Сондай-ақ бірыңғай сағаттық белдеу көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартуы керек.

Айта кетейік, бұған дейін “Аманат» партиясы фракциясының мүшесі Еркін Әбіл Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу туралы ұсыныс айтқан.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»