Үкімет пен ArcelorMittal арасындағы мега-мәміле: екі компания $286 млн-ға сатылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифингте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстан құзыретіне алу келіссөздері қалай өткенін айты.
Министр биылғы тамыз айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болған апат кезінде компанияның инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғаны туралы айтқанын еске салды. Сол кезде Мемлекет басшысы АМТ-мен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма берген еді.
Бұл уақытта Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» иелерімен ArcelorMittal компаниясын металлургиялық комбинат құрамынан шығару мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатқан. Келіссөздер 2022 жылдың 3 қарашасында АМТ еншілес кәсіпорны – Ленин атындағы шахтада болған қайғылы апаттан кейін басталған еді.
Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына нақты талаптар қойды. Келіссөздер нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасында қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау және аудит жүргізуге мүмкіндік беретін «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылды.
«Келіссөздер барысында ArcelorMittal 3,5 млрд доллар сұрады, бұл халықаралық консультанттардың есебіне сәйкес келмеді. Бұл келіссөздер процесінің ұзаққа созылуының басты себептерінің бірі болды. Кәсіпорынның тоқтап қалмауы үшін келіссөздерді жедел әрі жылдам жүргізу қажеттілігі туындады», — деді Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша, келіссөздер процесі 11 раундтан тұрды, нәтижесінде екі тарап та ортақ ұстанымға қол жеткізді.
«Қазақстан Үкіметі мен «АрселорМиттал» арасындағы келісімді мега-мәміле деп атауға болады, оның еліміз үшін маңызы ерекше. «АрселорМиттал Теміртау» және Ақтау құбыр зауытының құнын 3,5 млрд доллардан 286 млн долларға дейін төмендеттік. Мәмілені жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен бір де бір теңге жұмсалған жоқ. Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша жауапкершілікті мойнына алды. $286 млн – толық жұмыс істеп тұрған екі кәсіпорынның құны», – деп түсіндірді министр.
Айта кетейік, бүгін «АрселорМиттал Қазақстанның» жаңа инвесторы анықталды. Жаңа инвестор – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар. Компаниялар тобы Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.
Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртаудың» атауы «Қармет» деп өзгеруі мүмкін.
Дереккөз: kaz.inform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру