150 мың қазақстандық қол қойған петиция жарамсыз болып шықты

150 мыңнан астам қазақстандық қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция жарамсыз болып шықты. Бұл туралы әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені туралы ақпараттан кейін қазақстандықтар мемлекет басшысына әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту қажеттігі туралы ашық үндеу жариялауды белсенді түрде бастады. Аталмыш петиция Otinish.kz сайтында жарияланған, 5 желтоқсандағы жағдай бойынша оған 150 мың адам қол қойған.
«Қарқын алған петицияға келетін болсақ, менің білуімше, ол 2021 жылы жарияланған және қазіргі уақытта бұл петицияға көптеген адам қосылды. Яғни, бұл петиция петицияларға арналған тәртіп енгізілгенге дейін басталған», – деді Алма Мұқанова.
Вице-министр петиция құрудың ресми тиісті платформасы әзірленгенін және заңға байланысты актілер деңгейінде қызметті реттеу рәсімінен өтіп жатқанын айтты.
«Бұл жағдайда тұрғындардың Е-петиция заңды платформасы іске қосылған кезде петицияны қайта құруға мүмкіндігі бар. Бірақ 150 мың қол жинаған петиция туралы айтатын болсақ, ол іс жүзінде жарамсыз, – деді Алма Мұқанова.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарының өтініштерін қарауды көздейтін «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойғаны туралыжазған болатынбыз. Жаңа заңға сәйкес, Қазақстанда кемінде 50 мың қол жинаған петиция, үкімет деңгейінде қарастырылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру