8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қараша 2023 3241 0
Оқиға

Заңсыз аңшылықпен айналысқан


БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері заңсыз аңшылықпен айналысқан тұлғаларды анықтады.

Қарашаның 18-і күні «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қала жанындағы Бортау ауданы аумағындағы «Романтика» турбазасының қасында 1968 жылы туғаү жүргізушінің басқаруындағы «Хонда CR-V» автокөлігі және 1981 жылы туған Алматы қаласының тұрғынының басқаруындағы «Тойота Прадо» маркілі автокөлігі тоқтатылады. Қастарында тағы үш жолаушы болады.

Тексеру барысында «Хонда CR-V» автокөлігінің жүк салғышынан екі еліктің төшкесі табылды. Сондай-ақ, төрт тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілер, аңшылық пышақ, дүрбі, дальномер, рация тәркіленді.
Аталған факті негізінде Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (Заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде БҚО ПД қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, рейдтік іс-шаралар кезінде 8 қылмыстық фактілер анықталса (ҚР ҚК-нің 339-бабымен – 6, ҚР ҚК-нің 337- бабымен – 2), аң аулау және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 183 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде алты дана киік мүйіздері, 1 173 кг бекіре тұқымдас балығы мен 15 бірлік қарулар тәркіленді. Батыс Қазақстан облысының аумағында заңсыз аңшылық жасау, су жануарларын аулау, тасымалдау фактілерін анықтау жұмыстары одан әрі жүргізілетін болады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»