8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2023 2813 0
Оқиға

Көші-қон заңнамасын бұзған


«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын сақтау ережелерін тексеру мақсатында рейдтік іс-шарасы жүргізілуде.

Соның ішінде шетелдік азаматтар жиналған орындар, яғни, құрылыс обьектілері, тамақтану орындары, базарлар, қонақ үйлер және т.б орындар тексерілді. Іс-шараның жеті күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 26 шетел азаматы, оның ішінде Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан және РФ азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, БҚО ПД Көші-қон заңнамасының қызметкерлері БҚО бойынша ҚР ҰҚКД Шекара қызметімен бірлесіп мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Йемен Республикасының азаматын және Сирия елінің азаматын анықтап, ұстады. Олар мемлекеттік шекара режимін бұза отырып, өткізу пунктін айналып өтіп мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған.

Аталған факті негізінде барлық шетел азаматтары РҚ ӘҚБтК-нің 514-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаркершілікке тартылды және БҚО Бөрлі аудандық сотының шешімімен ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы қолданылды. Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР шегінен шығарылды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
90 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»