Елімізде қоғамдық бақылау туралы заң қабылданды
Енді 50 мыңнан астам қол жинаған халықтық петициялар үкімет деңгейінде қаралатын болды. Бүгін Сенат қоғамдық бақылау туралы заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Құжат негізінде кез келген азамат қоғамдық бақылау ұйымын құрып, нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Бұл ретте қос тараптың да құқықтары мен міндеттері заңда нақты жазылған. Ал петицияны арнайы интернет портал арқылы бере алады. Уәкілетті орган петиция жария болғанша оның заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін анықтайды. Дегенмен петиция арқылы әсер етуге болмайтын бірнеше мәселе бар.
Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары: Сайлау туралы, референдум, сот жүйесі туралы, прокуратура туралы, сонымен бірге арнайы қызметтердің қызметіне байланысты қойылмайды. Мемлекеттік құпиясы бар сұрақтар қойылмайды. Президент, екі парламент палаталары және үкіметтің құқығына кіретін лауазымдарды тағайындау мен орындарынан алу мәселелері де қарастырылмайды. Өйткені ол конституциялық заңмен, сайлаумен, референдуммен қарастырылады.
Дереккөз: qazaqstan.tv
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу