8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Тамыз 2023 1234 0
Білім

Конституцияны жатқа білетін студент тегін оқуға сертификат алды

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Атаулы күнге орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ақылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі «Мен Конституцияны жатқа білемін!» конкурсын өткізді.

Шараның мақсаты – Конституция күнін атап өту, Ата заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Конкурсқа қатысуға әртүрлі мамандықта оқитын 250 студент ниет білдірген. Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұрақтан тұратын сауалға жауап берді. Ал, екінші кезеңге сүрінбей өткендер, Ата заңның баптарын жатқа айтудан жарысты. Конкурсқа Атырау қалалық соттың судьясы, прокурор және жеке сот орындаушы, университеттің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс қортындысы бойынша 3 орынды (30 пайыз жеңілдік) «Экология» мамандығының студенті Ботакөз Интимахова, 2 орынды (50 пайыз жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш алды. Ал бас жүлдені азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов бір жылдық оқуын тегін оқуға сертификат алды. Дәстүрге айналған конкурс келесі жылда да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»