8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Тамыз 2023 1211 0
Білім

Мұғалім болғысы келетін талапкерлер саны артып келеді – вице-премьер

Биыл мемлекеттік грантқа үміткерлердің 25 пайызы педагогикалық мамандықты таңдаған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

«Тек биылдың өзінде ғана мемлекеттік грантқа үміткерледің әрбір төртіншісі, сонымен қатар 1,5 мыңнан астам Алтын белгі иегері мұғалім болғысы келді. Естеріңізде болса, осыдан не бәрі 5 жыл бұрын педагогикалық мамандықтарға талапкерлер 50 балмен түссе, бүгінде шекті балл – 111», – деді Тамара Дүйсенова Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, бұл мұғалім кәсіби мәртебесінің артып келе жатқанын, педагогикалық корпустың сапалы нығайғанын және қабылданған мемлекеттік іс-шаралардың дұрыстығын білдіреді. «Білім беру жүйесінде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған қаражат көлемі тек соңғы 5 жылда ғана екі есеге немесе 2-ден 4,5 трлн теңгеге дейін артты. Бүгінде осындай қаражат Қазақстанның білім жүйесіне жұмсалуда. Дегенмен, жаңа жағдай алдымызға жаңа міндеттерді де жүктейтіндігін түсіну қажет», – деді министр.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»