8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Тамыз 2023 1063 0
Оқиға

Тиісті құжаттары жоқ 27 шетел азаматы ұсталды

Тамыздың 22-і күні облыс орталығы Орал қаласында жүргізілген «Учаске» жедел-алдын алу рейдтік іс-шарасын өткізу барысында Жергілікті полиция қызметкерлері мен Көші-қон полициясы қызметкерлері тиісті құжаттары жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында еңбек етіп жүрген жерлерінен ұстады.

Аталған іс-шара барысында (сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін) тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұрған 86 шетел азаматының мекенжайы, шетелдік жұмыс күші тартылған 28 мейрамхана мен дәмхана тексерілді. Орал қ. ПБ уақытша қабылдап-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 27 шетелдік азамат жеткізілді, оның алтауы орналастырылды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 26 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, 33 шетел азаматы «АДИС папилон» және «Образ+» дактилоскопиялық есепке қойылды. Жалпы, барлығы 33 шетел азаматы анықталды, оның 27-сі Орал қ. ПД қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Оның ішінде Өзбекстан Республикасының азаматтары – 29, Әзірбайжан Республикасының азаматтары – 3, Тәжікстан Республикасының азаматы – 1.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
76 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»