БҚО-ДА СӘБИЛЕР ӨЛІМІ КӨБЕЙДІ
2018 жылдың 1 қарашасындағы есеп бойынша облыс халқының саны 651,4 мың адамды құрады. Оның 52 пайызы, яғни 338,5 мың адам – қала халқы. 312,9 мың адам – ауыл тұрғындарын құрады.
Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің мәліметінше, облыс халқының жалпы саны 2018 жылдың қаңтар-қазанында 4429 адамға артқан. Соның ішінде қала халқы 5199 адамға көбейіп, ауыл халқы 770 адамға азайды.
2018 жылғы қаңтар-қазанда АХАТ органдарында 10972 туылғандар тіркелді немесе
2017 жылғы қаңтар-қазандағыдан 2,2%-ға көбейді. Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,28 туылғанды құрады (2017жылғы қаңтар-қазанда – 20,02). Дүниеге келген сәбилердің 5 857-сі облыс орталығында тіркелген, бұл барлық туылғандардың 53,4% құрайды.
2018 жылдың қаңтар-қазанында облыс бойынша өлгендер саны 4 738 адамды құрады. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегіден 4,8%-ға көп. Жалпы өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,76 адам. 2017 жылғы қаңтар-қазанда бұл көрсеткіш – 8,43 болған еді. Бір жасқа дейінгі өлген нәрестелер саны 4,1%-ға көбейді.
2018 жылғы қаңтар-қазанда 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда облыс бойынша тіркелген неке мен ажырасу саны сәйкесінше 3,3%-ға және 0,3%-ға азайды.
2018 жылғы қаңтар-қазанда облыс бойынша келгендер саны 27 310 адамды немесе
2017 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 78,6%, кетушілер саны сәйкесінше 29 115 адам немесе 80% құрады. Халықтың көші-қон қозғалысында теріс сальдо 1 805 адамды, оның ішінде облыс аралық алмасу бойынша 777 адамды, халықаралық алмасу бойынша 1 028 адамды құрады. Облысішілік алмасу бойынша облыстың қалалық қоныстарына ауылдықтар ағыны 2926 адамды құрады.
Пікір үстеу