Жаңа қызметіне табыс тілейміз!
Бүгін, 19 шілде күні ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып Ораз Нұрділдә Серікұлы тағайындалды.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болып қызмет атқарып, Ақ Жайықтағы мәдени-көпшілік іс-шаралардың ұйтқысы болып, біліміне қоса өзін ұйымдастырушылық жағынан қабілеті зор, ынталы, жігерлі тұлға ретінде көрсетіп үлгерген Серіктің Нұрділдәсіне толағай табыс, ақ жол, құтты қадам тілейміз.
Ораз Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «31 арна» ЖШС «Информбюро» жаңалықтар қызметінің корреспондент-жүргізушісі болып бастаған.
Әр жылдары бірқатар республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2009 жылы ішкі істер органындарына ауысып, Астана қаласының Ішкі істер Департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды. 2016 жылы ҚР Бас Прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды. Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.
«Жайық ҮНІ» ЖШС редакциясы.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу