Түн ортасында көшеде жалаңаш жүрген
Орал қаласында түн ортасында көпшілік орында бейәдеп қылық көрсеткен қала тұрғынының ісі сотқа жіберілді. 2001 жылғы тұрғын көшеде жалағаш жүрген. Оның қолында пышақ болған. Тұрғындар түн ортасында киімсіз жүрген жас жігіт туралы полицияға шағымданған.
Оқиға болған ЖОО-ның маңына келген полицейлер оны құрықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Анықталғандай қоғамдық орында белгісіз адам бұзақылық жасаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік хаттама (ұсақ бұзақылық) жасалды және ҚР ӘҚБтК-нің 684-бабына сәйкес материал Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жіберілді, оның шешімімен әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның іс-әрекетіне заңды баға берілетін болады!
Айнара ИСА
Версия для печати
Пікір үстеу