44 адам көшірілді
«Қызыл жалын» Ақ Жайыққа да келді! Тілсіз жаудан өзімізді де, жерімізді де сақтайық, ағайын!
Аптап ыстыққа орай бүгін БҚО Төтенше басқармасына 41 қоңырау келіп түскен. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде 34 құрғақ шөптің жану фактісі, 2 өрт, авариялық-құтқару жұмыстары, қатты желдің салдарынан ағаштардың құлау және электр тіректерінің құлау фактілері.
Қазіргі уақытта 20 жану ауыздықталған. Оның ішінде Орал қаласында, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов аудандарында және Бәйтерек ауданында 14 факті тіркелген.
ТЖ Департаментінің базасында жедел штаб құрылды.
Ең күрделі жағдай Теректі ауданында қалыптасуда. Әйтиев кентіндегі жағдай тұрақтанды (жану алаңы 50 га: 26 га мемлекеттік орман қоры және 24 га құрғақ шөп, 2 шаруашылық ғимараттар), 10 үйдің тұрғындарын қауіпсіз орындарға оқшаулау және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. 44 адам оқшауланса, оның 16-сы балалар.
Айнара ИСА
Версия для печати
Пікір үстеу