8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Маусым 2023 1708 0
Оқиға

Ханкөлде моншақтай бұршақ жауды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында ауа райы күрт өзгеріп, бұршақ жауған. Кенеттен болған табиғат «тосын сыйын» ауыл тұрғындары камераға түсіріп алған.

Ресми ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Ауыл шаруашылығына да еш залал келмеген. Тек саман тастан тұрғызылған үйлердің қабырғасы шытанаған. Тұрғындардың сөзінше, бұршақтың көлемі 8 миллиметрге жеткен. Ал ауа-райын болжаушылар, жазда бұршақ жауғанын қалыпты құбылыс дейді. Айтуларынша, жоғары көтерілген ылғал ауадан ірі жауын бұлты пайда болады. Бұл бұлттар биікке көтерілгенде су тамшылары мұзға айналады да, жерге бұршақ болып жауады. Болжамды ауа-райы туралы ескерту жасалған.

Бұған қоса синоптиктер алдағы күндері де ауа температурасы төмендеп найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжайды. Түнде температура +12 градусты көрсетсе, сынап бағынасы күндіз +26 градусқа дейін көтеріледі.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
128 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»