8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Маусым 2023 1650 0
Мезгіл мәселесі

Өзге елде есепте тұрған автокөлікті 5 жылға уақытша тіркеуге рұқсат

Көлігі өзге елде есепте тұрған азаматтар енді автокөлігін уақытша 5 жылға тіркей алады. Ол үшін мобильді қосымша арқылы немесе электронды порталда өтініш беру керек. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтын Жамалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Бұл аралықта шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Оның орнына уақытша мемлекеттік нөмір мен уақытша тіркелгендігі туралы куәлік беріледі. Меншік иесі 5 жыл ішінде көлігін шетелдік тіркеуден шығарып, Қазақстанда заңдастырмаса, автокөлікті елден шығаруға міндеттеледі.

«Көлік құралдары 5 жыл мерзімге дейін уақытша есепке қойылады. Ол азаматтар тек мемлекеттік номер үшін және көлік құралының тіркеу нөмірі үшін баж төлемдерін төлейді. Ал 200 мың теңге соманы төлемейді. ЕАЭО есебінде тұрған көлік құралын есептен шығарып, содан кейін 200 мың теңгесін төлеп, нақты есепке қоюға рұқсат берілген», – деп түсіндірді Алтын Жамалиев.

Шетелдік көліктерді заңдастыру үшін өтініш 1 шілдеге дейін ғана қабылданады. Қазір 160 мың өтініш қанағаттандырылып, көліктер тіркеуге алынған. Әлі 13 мыңнан астамы өз кезегін күтіп тұр. Одан бөлек, 7 мыңға жуық құрастырмалы автокөлік мемлекеттік есепке кірді.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
58 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»