8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Маусым 2023 1721 0
Руханият

Тіл тағдыры алаңдатады

 

Бүгін, 16 маусым күні «Атамекен» өнер ордасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты тақырыпта республикалық семинар өткізді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының 114-тармағын орындауға бағытталған. Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Мемлекеттік тілді дамыту қорының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы қалалық әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басшылары мен мамандары, Ақ Жайықтың тіл жанашырлары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестік филиалдарының төрағалары, полиция департаменті, облыстық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, этнос өкілдері қатысты.

Шараға жиналғандар алдымен этно-мәдени бірлестіктердің «Достығы шалқыған шаңырақ» атты тақырыпта ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Бұдан кейін басқосуды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов ашып, семинардың мақсаты жөнінде түсіндірді.

Жиында сөз сөйлегендер БҚО әкімі аппаратының басшысы Абат Шыныбеков, ақындар Ақұштап Бақтыгереева мен Шолпан Қыдырниязова, мемлекеттік тілдерді дамыту комитетінің басқарма басшысы Бауыржан Мәстеков, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі филиалының мұғалімі, АҚШ азаматы Нейтан Лолер қазақ тілінің тарихы, шежіресі, қолданылу аясы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиынның соңында Ербол Тілешов ҚР Ғылым және білім министрлігінің А.Байтұрсынов төсбелгісімен танымал тұлғалар Шолпан Қыдырниязованы және Абат Қыдыршаевты, Құрмет грамотасымен бір топ тіл жанашырларын марапаттады.

Гүлжан АЯЗБАЕВА, Рафхаттың суреттері.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»