8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Маусым 2023 1747 0
Мезгіл мәселесі

Жасыл ел жаңа маусымын бастады


Облыста «Жасыл Ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтарының XIХ маусымының ресми ашылуы өтті. Салатанатты жиын Деркөл кентіндегі демалыс саябағында өтті. Жалпы биыл облыс бойынша «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтарына 1500-дей жасты тарту жоспарланып отыр.

Оқу мен еңбек егіз ұғым. Ілім мен білімді саралаған екі семестр артта қалды. Енді жастар үшін еңбек майданы басталмақ. Алдағы 3 ай көлемінде жастар өңірдің өркендеуіне, соның ішінде елді-мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға атсалысады. Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі, бұл бағыттағы жүйелі жұмыстарға әркез қолдау болатынын атап өтті.Осы жерде жастар өңір басшысына алғысын айтып, жасыл ел жасағаның формасын табыс етті. Жас келсе – іске.

Жасыл елшілер қатарына жоғарғы оқу орындарының студенттерімен қатар колледж және мектеп оқушылары да тартылмақ. Қаладағылар көшелер мен саябақ, тынымбақтарды ретке келтірсе, аудандық жасақтар ауылдық елді мекендерді санитарлық тазалау шараларына қатысады. Жастардың айлық жалақысы – 90 мың теңгені құрамақшы. Жұмысқа тартылған жастар қажетті құралдармен және арнайы киімдермен қамтылады. Жаз соңына дейін жасылел бағдарламасының құрамына мың жарымдай жасты қатыстыру көзделіп отыр.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»