8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2023 2471 0
Мәдениет

Медиасауаттылыққа арналған тренинг өтті

 

Бүгін, 15 сәуір күні «Bastau» коворкинг орталығында «Медиаэтика: қазақстандық кэйстер және америкалық тәжірибе» атты тренинг өтті.

 

Медиатренер, «Медиа білім» қорының директоры, 12 жылдық тәжірибесі бар журналист Нұрлыбек Рахманов кәсіби дамуға арналған шараның тізгінін ұстап, медиаэтика қағидалары, медиасауаттылық туралы тәжірибесін бөлісті. Нұрлыбек Рахманов елімізде сарапшылық журналистиканың дамымай жатқанын алға тартып, Америкадағы этика қағидаларын таныстырып, отандық журналистикада да бекітілген бір ұстанымдардың болу керегін сөз етті.

 

Сонымен қатар, медиасарапшы, «Kazakhstan Media Network» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Бақытгүл Бурбаева Алматыдан арнайылап келіп, қатысушылардың сұрағына жауап беріп, «MediaQuiz» ойынын ойнатты. Бақытгүл Бурбаева осымен еліміздің 9 өңіріне табан тірегенін айтып, отандық медиа саласының принциптерін түсіндіріп, журналистер жіберетін қателерге тоқталды. «MediaQuiz» ойынында қатысушылар 3 топқа бөлініп, журналистика мен облысымызға қатысты сұрақтардан тұратын 5 кезеңнен өтті.

 

Тренинг соңында өңірлік БАҚ өкілдері, баспасөз хатшылары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттеріне сертификаттар табысталды.

 

Дәметкен Сағынбаева

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»