МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі «Сақтандырылған» мәртебесі тұрақты болуы тиіс. Ол үшін ай сайынғы жарналар мен аударымдар жасалуы керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Жұмағұлова Нұржамал Шамғонқызының айтуы бойынша маңызды ерекшеліктерге назар аудару керек.
Сақтандыру мәртебесі болмаса сіз жоспарлы медициналық көмек ала алмайсыз, тар бейінді маманның қабылдауында бола алмайсыз немесе тексеруден өте алмайсыз.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді бірнеше тәсілмен тексеруге болады: fms.kz. сайтында, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы немесе eGov.kz жеке кабинетте ЖСН нөмірі бойынша.
МӘМС төлемдері бойынша 12 айға толық үзінді көшірмені Телеграмдағы Saqtandyrubot арқылы алуға болады. «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» тармағын таңдап, ЖСН енгізу қажет.
МӘМС-ға төлем жасағаннан кейін мәртебе бірден өзгермейді, бірақ 3 жұмыс күні ішінде өзгереді. Медициналық ұйымға барар алдында міндетті түрде мәртебені қайта тексеру қажет.
Сақтандыру мәртебесін алу үшін соңғы 12 ай бойы төлемдерді жүйелі түрде жүргізу қажет.
Сонымен қатар жаңа ережелерге сәйкес, алдағы 12 ай үшін төлем жасауға болады. Мысалы, 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың қазан айына дейін бір жыл алға төлем жасай алады. Жалпы алғанда 13 төлем жасалынады.
Егер кем дегенде бір айды өткізіп алса, мәртебе берілмейді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу