8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2022 2083 0
Медицина

МӘМС -ТЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ТЕКСЕРІҢІЗ

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.
♦️ QOLDAU 24/7 МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ
Ол үшін мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Сол кезде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады.
Қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктеуге болады
♦️ ТЕЛЕГРАММ-БОТ @SaqtandyryBot
Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына атау енгізіңіз, Бұдан әрі – «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз.
♦️ EGOV.KZ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ
Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.
♦️ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ FMS.KZ
«Мәртебені анықтау» нүктесі оң жақта орналасқан. Соны басып , ЖСН көрсету жеткілікті.
♦️ ҚОРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ 1406
Егер сіз мәртебені тексерудің аталған әдістерін пайдалана алмасаңыз, байланыс орталығының операторларына хабарласыңыз.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойыша филиалы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»