8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2022 1946 0
Көңіл айтамыз

Бақұл болыңыз, ҚҰРМАНҒАЛИ АҒА!


Кеше өлкемізге белгілі танымал тұлға, Ақ Жайығымыздың тағы бір танымал азаматы Мұхамбетқалиев Құрманғали Асқарұлы өмірден озды.
1942 жылдың 19-желтоқсан күні осы Орал қаласында дүниеге келген Құрманғали
Мұхамбетқалиевтің өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге деп білеміз. Өзін жастайынан қара жұмысқа үйретіп, еңбектің қадірін түсініп өскен бала Құрманғали ержетіп, алтын ұя мектебін үздік бітірген соң Орал ауылшаруашылығын механикаландыру техникумының белсенді студенті атанады. 1964 жылы Приурал ауданы Панфилов атындағы колхоздың Курсанов поселкесінде бас механик болып алғашқы қызметін бастайды. Бұдан әрі осы саланың белсенді маманы болып, көзге түсіп, қиындықтарда шыңдалады. Өмір жолында Халық қалаулысы да болып, ел аманатын орындайды. 1986 жылы «Оралжылукомунэнерго» өндірістік бірлестігінің бас инженері болса, 1987 жылдан директоры болып қызмет атқарды. 1997 жылдан бері «Жайықжылуэнерго» ААҚ-ның басшысы болып тағайындалып, ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет жасап, ел-жұртының ілтипатына бөленеді.
Мінезге бай, сабырлы, әділ адам бола білген Құрманғали Асқарұлын соңғы сапарға аттандыру рәсімі, яғни, қоштасу рәсімі 25 шілде де Темір Масин көшесіндегі 95 -үйінде сағат 9.00- де өтеді.
Қош болыңыз, жақсы адам! Сіздің есіміңіз ел есінде қалады.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
147 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
132 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
359 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»