«ӨЗГЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ» ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ!
Бүгін, 28- маусым еліміздегі барша Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі. Осыған орай, Ақ Жайық өңіріндегі барлық ардагер журналистер, әр түрлі газет саласындағы редакторлар мен тілшілер, телерадио кешенінің бір топ қызметкерлері Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрына таңсәріден жиналды. Бәрінің жүздері шаттыққа толды. Ауқымды шараға БҚО әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысты. Қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Қадралиев қарсы алып, журналистермен суретке түсті. Жиналған қауым театр фойесіндегі көрмені тамашалады.
Бұдан соң зал толы БАҚ өкілдерін облыс әкімі Ғани Нәжімеденұлы құттықтап, қазіргі журналистиканың жүгі бұрынғыдан екі-үш есеге ауыр екенін, ардагер тілшілер салып берген сара жолды қазіргі заманның үніне сай, бәсекелестікпен бұқаралық ақпарат құралдары атқарып келе жатқанын ерекше атап өтті.
– Осыдан бір ғасыр бұрын Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баспасөзді ерекше сипаттаған болатын. Осы дана сөз күні бүгінге дейін өзектілігін жоймады. Тілшілер, экранның ар жағынан көрінбейтін режиссерлар, монтаждаушылар, корректор, дизайнер, фотосуретшілер БАҚ-тың дамуына зор үлес қосып келеді. Сіздердің жазған мақалаларыңыз бен шығарған сюжеттеріңізден елдің мұң-мұқтажы, талабы, тілегі айқын көрініс тауып келеді. Өйткені, сіздер халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Президентіміз жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға көмектесіп келе жатсыздар. Облысымызда журналистика өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, осында отырған қаламгерлеріміздің қалыптастырған дәстүрін қазіргі жаңа буын жалғастырып келеді. Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса, табандылық, шынайылық, жан-жақтылық, батылдық керек. Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілеймін. Ең бастысы, халықтың өкілі болғандықтан, елге обьективті, шынайы, пайдалы ақпарат жеткізулеріңіз керек. Ресми БАҚ өкілдері өз жауапкершілігін түсінуі тиіс. Сонда сіздердің жұмысыңыз бізге де, халыққа да қажетті болады. Шынайы ақпарат тарататын журналист халықтың құрметіне ие, – деген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы бір топ БАҚ өкілдерін «Үздік ақпарат қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ түрлі аталымдар бойынша үздік журналистер іріктелді. Салтанатты шара соңында қалам ұстаған жандар өнерлерімен де тәнті етіп, кеш көрігін қыздырды.
Нұрай ҚАЙЫРОВА, суретке түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру







Пікір үстеу