182 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жастар денсаулық орталықтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс істегеннен бері оған жүгінушілер саны да айтарлықтай артты. Ағымдағы жылы медициналық қызметтер үшін 2,2 млрд теңгеге шарт жасалды. 5 айда 182 мыңнан аса қызмет көрсетіліп, оған 431 млн-нан астам қаржы жұмсалды деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
Жастар денсаулық орталықтары жас буынның денсаулығын сақтау мен нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде орталық қызметтеріне деген сұраныс өсіп отыр. Міндетті түрде құпиялылықты сақтау әдісімен жастарға арналған қызметтерді ұсынады.
«Пациенттердің медициналық көрсеткіштеріне қарай, кешенді диагностикалық, емдеу, кеңестік, профилактикалық, медициналық, әлеуметтік, зертханалық зерттеулер және оңалту шараларына жолдама беріледі. Қабылдауды білікті мамандар жүргізеді. Олардың қатарында акушер-гинеколог, психолог, уролог-андролог, психотерапевт, психиатр, дерматовенеролог, әлеуметтік қызметкер және фельдшер бар», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаменті директорының орынбасары Жанар Ботагарина.
Орталықтарда 12–17 жас аралығындағы жасөсіпірімдер және 18–29-дағы жастарға қызмет көрсетіледі. Олардың ерекшеліктеріне қарай кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек беріледі. Қазір Қазақстан бойынша қалалық, аудандық емхана мен жекеменшік клиникаларда барлығы 218 орталық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс істейді.
«Жастар денсаулық орталықтары кәмелетке толмағандарға медициналық психологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне айналды. Басты мақсат – жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділік пен ерте жүктіліктің алдын алу, контрацептивтерді қолдану, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандыру», – дейді Жанар Ботагарина.
Жасөспірім шақ − сенімді серік іздейтін, көңілдің албырт шағы. Ата-ананың баласының шешімдерін түсінбеуі, қолдамауы, тіпті балаға мүлде көңіл бөлмеуі психикалық өзгерістерге алып келеді немесе біреуге айтуға қорқатындай жағдайға тап болуы мүмкін. Мектептегі қудалану, үлкендердің немесе құрдастарының сексуалдық алымсақтығы, бәлкім танысының зорланған болуы, жыныстық жолмен берілетін ауру белгілерін өз бойынан табуы немесе ерте жүктілікке тап болуы секілді түрлі мәселелер бойынша Жастар денсаулық орталығында жағдайдың басын ашуға және оң шешімін табуға көмектеседі. Дегенмен, әрбір жас өз денсаулығы үшін басты жауапкершілікті өзі сезінгені дұрыс. Бұл ретте ата-ана тәрбиесінің де маңызы зор.
Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге ол жерде көмек көрсетілмесе, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойыша филиалы.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу