8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2022 2421 0
Жалын

Пайғамбар жасымен құттықтады

Бүгін өлкеге танымал азамат, Бөкейорда ауданының тумасы, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы
Хайретдинов Лавр Рашидұлы зейнеткерлік жасына жетті. Осыған орай, Ақ Жайық жұртшылығы атынан БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов арнайы құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
Лавр Рашидұлы 1959 жылы 14 маусымда Орда ауданының Орда ауылында дүниеге келді. 1976 жылы Орда орта мектебін, 1981 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының экономика факультетін экономист- ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолы «Орда» совхозында бөлімше агрономынан басталған. Бұдан соң осы салада түрлі жұмыстар істеген Л. Хайретдинов 1994 жылы Б.Жәнекешев атындағы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы болып сайланды. 1996 жылы Орда ауданының әкімі болып тағайындалды.
Лавр Рашидұлы мен жұбайы Дариға апай – үлкен шаңырақтан ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған бақытты отбасы. Перзенттерінен өрген он үш немере-жиен желкілдеп өсіп келеді. Ол Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарының Құрметті азаматы. ​Бұл азаматтың өмірі мен қызметі өзінің замандастары сияқты екі кезеңді – кеңестік дәуірмен тәуелсіздік жылдарын қамтиды.
Жоғары оқу орнын бітіріп, жолдамамен туған ауылына жұмысқа келеді. Сол кездегі «Орда» совхозының директоры М.Зұлқашев жас маманды шаруашылықтың түрлі саласына салып, әбден пысытты. Сынады. Олардан сүрінбей өткен жас маман СОКП мүшелігіне кандидаттыққа қабылданды. Көп ұзамай жас маман жауапкершілігі зор ферма меңгерушілігіне тағайындалды. Бұл жалындап тұрған жас маман үшін жоғары оқу орнынан кейінгі өмірдің нағыз университеті болды.
Машина-трактор алаңы, жанар-жағармай қоймасы, мал бордақылау
кешені, он бір мың гектар егістігі, тұқым-жем қоймалары, қой қырқу орны, үш мың іріқара, 13 мың қой бағылатын 30 қыстағы бар бұл да бір кішігірім совхоз еді. Жасмаман басқарған ферма көп ұзамай аудандағы таңдаулы шаруашылыққа айналды. Аудан бойынша екі дүркін чемпион болды. Халықтың жағдайы жақсарды. Жаңа тұрғын үйлер, қыстақтар, дала қосындары бой түзеді. Ферма орталығында мектеп ашылды. Жұмысты дүрілдетіп әкеткен жас маманды бұл қызметте ұзақ ұстаған жоқ. Қызмет бабында жоғарылау кезеңі басталды.
Аудандық партия комитетінде, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі мекемелерінде жауапты жұмыстарға тартылды. Сол жұмыстарын жаңаша леппен атқара жүріп, Лавр Хайретдинов тәжірибе жинады, облыс деңгейінде атқарылып жатқан шаруалардың қыр-сырына үңілді. Оларды өз қызметінде оңтайлы жүргізуді сырттай үйреніп, ойға түйді. Нарықтық экономикада жұмыс істеуді үйрену үшін, тіпті, Болгарияға барып, арнайы курстан өтті.
1991 жылы жанұя жағдайына байланысты туған ауылына оралып, совхоздың бас агрономы болды. Осы жұмыста жүргенінде, жас маманның аяқ алысын сырттай байқап, бағалап жүрген совхоз директоры М.Спандияров оны баяғысынша шаруашылықтың түрлі саласына салып, шыңдай берді. 1992 жылы аудандағы шаруашылық басшылары ұсынысымен, аудан
әкімдігі қолдауымен Л.Хайретдинов Орда ауданының ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы лауазымына ұсынылды. 1996 жылға дейін совхоз директоры болды. Бұл бір халықтың арқасына батқан ауыр жылдар еді. Бұл қиындықтан да ел ағасы аман шықты. Диірмен, макарон цехтары ашылды. Тұрмыстық комбинат «тірілді». Байпақ
басылып, тапсырыспен жиһаз жасау т.б. қызмет түрлері іске қосылды. Бөкейліктер теледидар хабарларын көретін жағдайға жетті. Жас басшының жұмылдыруымен Ұлы Жеңістің 50 жылдығына ескерткіш ашылды. Көп ұзамай, 1996 жылдың 18 қаңтары күні Лавр Рашидұлы аудан әкімі болып тағайындалды. Ғасырлардың, ата-бабаның көзіндей Хан ордасының тарихи орындарының, Нарынның орманының бүгінге жеткеніне Лавр Харетдиновтың сіңірген еңбегі зор. Тап сол кездерде ауданның экологиялық мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Нарын» қозғалысының жұмысына қолдау көрсетілді.
Полигоннан зардап шеккен ауданның мәселесін көтерген К.Көбейсінов ҚР Президентінің қабылдауында екі дүркін болып, біраз мәселенің шешімі
табылды. Ауданаралық сауықтыру орталығы ашылды. Полигонның Бөкей хандығы тарихын мықтап түгендеуге кірісті. Әрине, мұндада әкім Хайретдинов барлық жұмысқа бас-көз болып отырды. Орда ауданының атауы Бөкей ордасы болып өзгертілді. Хан ордасы ауылында музей кешенін, тарихи ғимараттарды жөндеу қарқынды қолға алынды.
2000 жылы облыс тізгінін елімізге белгілі қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаев ұстады. Көп ұзамай Лавр Хайретдинов облыс орталығына жаңа қызметке шақырылды. 2001-2011жылдар аралығында облысымыздың ауылшаруашылығы саласында басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде тоғыз жыл ҚР АШМ БҚО аумақтық инспекциясын басқарды. Бұл жылдары облыста жаңа бағдарламалар жүзеге асты. Мал басы
өсті, егін көлемі ұлғайды. Көршілес Ресей облыстарымен тығыз байланыс орнады. 2011 жылы Л.Хайретдинов Жаңақала
ауданына әкім болып тағайындалды. Бұл өңірге 6 жыл өмірін арнады. Тәжірибелі тарлан бұл ауданда да ел сүйсініп айтар талай айшықты істер тындырды. Көгілдір отын барлық ауылда маздады. 100 орындық интернаты бар мектеп-гимназия, екі елді мекенде қосқабатты екі мектеп бір жылда бой көтерді. 250 орындық емхана заманауи құралдармен жабдықталып, аудандық аурухана сол ғимаратқа көшірілді. «Рухани орталық», жаңа өлкетану музейі ашылды. Жұмысқа жас кадрлар тартылды. Тағы бір айта кететіні, аудан орталығында Тәуелсіздік, Даңқ, Қуғын-сүргін саябағы, күйшілер аллеясы ашылды. Тастөбе шайқасы, Бейбітшілік, Бөкей көші ескерткіштері тұрғызылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде Жаңақала енді «Күй астанасы», «Ескерткіштер елі», «Қамыс-Самар елі» деген жаңа атауларға ие болды. Аудандық мәслихат хатшысы, белгілі ақын, журналист
З. Сисенғалидің ұсынысымен «Жас қанат» ақындар клубы ашылды. Аудан
энциклопедиясы, ел тарихын қамтыған тағы да басқа кітаптар жарық көрді.
Аттары аңыз болған күйшілер – Мәмен, Тұяқбердіге кесене тұрғызылды. 2017 жылдың маусымында мемқызметкерлердің шартта белгіленген төрт жылдық мерзімі аяқталуына байланысты Лавр Хайретдинов әкім қызметінен облыс орталығына басқа қызметке ауысты. Міне, содан бері ол басшысы қызметін атқаруда. БҚО аумақтық инспекциясы соңғы екі жылда республика бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, облыстық инспекциялар арасында рейтингтік бағалауда көш бастап келеді. Бұл жетістіктері үшін облыстық инспекция ұжымы мүшелері министрлік тарапынан марапатқа ие болды.

Рафхат  ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
224 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
234 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
518 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
989 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1367 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1229 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1725 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2344 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2507 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2513 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2566 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2570 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2143 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3048 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3103 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3095 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3714 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3677 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3668 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3643 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3803 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»