Оралда әскери прокурор Референдум маңызын түсіндірді
Жуырда ел тарихындағы елеулі оқиғаға орын алмақ. Конституциялық референдумға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де ел тағдырна қатысты маңызды оқиғадан қалыс қалмай, түсіндіру жұмыстарына белсеңді қатысуда.
Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында Орал гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Алтынбай Раев Ұлттық ұланның 5517 әскери бөліміне арнайы келіп, жеке құраммен кездесті.
– Референдум бұл азаматтарымыздың өмірін өзгертетін нақты қадам. Біз Мемлекет басшысы айтқандай болашақта Жаңа Қазақстанды құрудамыз. Президенттің өзі: «Біздің азаматтарымыз «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақты өте жиі қояды. Меніңше, бұл сауалға қысқа әрі толыққанды жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан – бұл шындығында Әділетті Қазақстан»,-деген болатын. Әділетті қоғам тек заң үстемдігі бар жерде орын алады. Прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі – заңдылықты қадағалау. Біз референдум арқылы еліміздің экономикалық, саяси және адам құқықтары мен заңдықты қамтамасыз ету саласында даму жолын бастаймыз. Осының барлығы тек оң өзгерістер арқылы жүзеге асады,-деді әскери прокурор.
Кездесу соңында сарбаздар өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара өзара түсіністік негізіндегі диолог құрумен аяқталды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу