8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2022 1715 0
Оқиға

Оқыс оқиға! Екі қолынан айырылды

Облыстық көп бейінді балалар ауруханасында тоқ соққан бес жасар бүлдіршіннің екі қолы кесілді. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қазір сәби дәрігерлер бақылауында. Қайғылы оқиға 24 мамыр күні тіркелген еді. – Трансформаторға тоққа соғылып, екі қолын 18 пайыз күйік шалған сәбиге ампутация жасалды. Ақ халаттылар 5 жасар ер баланың денсаулығын жақсарту жолында барлық қажетті ем-дом шарасын жасауда,- деді аталмыш басқарманың БАҚ хатшысы.
Бұдан бұрында мәлім болғандай, оқыс оқиға Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болған еді. Төрт бала ойнап жүріп елдімекен шетіндегі подстанция ауласына кіріп, трансформатордың қақпасын ашқанда тоқ соққан. Кеңес кезінде салынған трансформатор қоршалғанымен әбден ескірген. Ойын балалары қараусыз жүріп, қауіпті аумаққа шауып барған. Осы орайда, мамандар балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Ал дәрігерлер баланың жағдайын өте ауыр дейді.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
24 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
78 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»