МӘМС ЕСЕБІНЕН ЭКО-ДАН ҚАЛАЙ ӨТУ КЕРЕК?
Пациент МӘМС шеңберінде қосалқы репродуктивтік технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды өзі таңдайды. Осыдан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ)комиссиясының қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді. Учаскелік дәрігер пациентті бедеуліктен зардап шегетін диспансерлік науқастардың (ДНЭТ) электрондық тіркеліміне енгізеді. Тиісті тексеруден кейін және 12 ай ішінде бедеуліктің себептері анықталғаннан кейін бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен қосалқы репродуктивтік технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған жағдайда пациент толық құжаттар пакетін қоса бергеннен кейін, келесі қадамдар емдеуге жатқызу бюросы порталында жүргізіледі. Пациентке қызметтерді алудың басталу күні мен уақыты хабарланады. Бедеулікті емдеуде ҚРТ технологияларын пайдалана отырып қызмет көрсеткен медициналық ұйымдар деректерді медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойыша филиалы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу