8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2022 1908 0
Без рубрики

Отансүйгіштікті ұлықтаған шара


Бүгін, еліміздегі Ұлттық Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және ҚР Отан қорғаушылар мерекесіне орай, БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен Оқушылар және жастар сарайының алаңына 30 түп ағаш отырғызылды.
Бұдан соң «Атамекен» өнер ордасында әскери қызметкерлерге арналған мерекелік шара өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Ән ұраны айтылып, еліміздің Көк байрағы желбіреп, биікке көтерілді.
Зал толы көрермен қауымды Отансүйгіштік сезімге бөлеген салтанатты жиында облыс басшысы Ғ. Нәжімеденұлы құттықтау сөз сөйледі. Бейбіт заманның ата-бабалардың төккен қанымен келгенін, Тәуелсіздіктің қадірін ұмытпауымыз керегін айтқан өңір басшысы кешегі қаңтар оқиғасында яғни, Төтенше жағдай кезінде қаза тапқан » Айбын» орденінің иегері, подполковник Хайров Сәндібектің рухына тағзым етті. Сәндібектің әкесі Ғалимолла Хайров пен анасы Жұмағаным Жұрхабайқызын сахна төріне шақырып, ел үшін отқа түскен аяулы ұлдарына деген қошеметін білдіріп, жерлестері атынан қошеметтеді.
Бұл күні көптеген Отан қорғаушылар, патриоттар, осы салада еңбек етіп жүрген әскери қызметшілер Алғыс хаттар мен марапатталды. Жылы лебізге толы жиынның шымылдығы «Батыс қырандары» әнімен түрілді. 5517 әскери бөлімі үрмелі аспаптар оркестрі, дирижер капитан Олег Файхнердің сүйемелдеуімен Айбар Хайырханов, Шынар Отарбаева бұл әнді тебірене шырқады. Сол секілді » БҚО эстрадалық-симфониялық» оркестрі, «Назерке» бишілер тобы, «Жастар» хоры, «Әуен» тобы тб таланттар өнер көрсетті. Дәл уақытында басталған ұлағатқа толы шара жиналғандар жүрегіне Отан-Анаға деген сезімді оята түсті. Еске сала кетейік, мерекелік бағдарламалар Орал қаласында әлі де жалғасын табатын болады.

Өз тілшіміз.

Суретке түсірген Рафхат Халелов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
261 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
599 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
315 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»