Биыл ҰБТ тапсыру ережелеріне қандай өзгеріс енгізілді? Білім және ғылым министрлігі жауап берді
Биыл талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, ең жоғары ұпаймен гранттар конкурсына қатыса алады. Бұл туралы БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді.
Айтуынша, 29 сәуір құжат қабылдау басталғаннан бері негізгі ҰБТ-ға 130 мыңнан аса талапкер тіркелген. Өтініштерді қабылдау 14 мамырға дейін жалғасады. ҰБТ-ның өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.
«Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады. Бірақ бейінді пәндер комбинациясын ауыстыруға болмайды. Яғни бірінші рет физика-математика тапсырса, екінші рет те сол пәндерді тапсыруға міндетті», – деді Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Тағы бір жаңалық, оның айтуынша, егер бірінші тестілеуде талапкер ереже бұзса, ол ҰБТ-ны екінші рет тапсыра алмайды. Ал егер екінші рет тапсыру кезінде ережелерді бұзса, бірінші және екінші тестілеудің нәтижелері жойылады. Яғни бала гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алмайды.
«Биыл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізіледі. Талапкердің жұмыс орнында негізгі камерадан басқа тұлғаны анықтауға (Face ID) және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін қосымша алдыңғы веб-камера орнатылған», – деп түсіндірді департамент директоры.
Сондай-ақ, академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тестілік нұсқасы таңбаланады, яғни ҰБТ-ның әрбір қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Талапкерлер ережелерді бұзып, тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерлерге шығаруға әрекет жасаса, олардың нәтижелері жойылады.
ҰБТ-дағы пәндердің саны биыл да өзгермейді – үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан – 15, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140.
ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі болады.
Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. Ал ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі. Сонымен қатар олар үшін суреттерсіз, диаграммаларсыз және схемаларсыз сынақ нұсқалары әзірленді.
Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу