8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2022 2280 0
Қоғам

Өзіңді қорғаудан ұялма!

Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған болсаңыз немесе тума-туысыңыз, таныстарыңыз отбасында жәбір көріп жүргеніне куәгер болсаңыз жасырмаңыз! Бүгінгі отбасылық зорлық-зомбылықтың арты ертеңгі орны толмас қайғылы жағдайға ұласатынын естен шығармайық! Сондықтан, отбасылық зорлық-зомбылық фактілер туралы полицияға хабарласудан қорықпаңыз!

 Осы тұрғыда, Орал қаласы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы, отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының заңды құқықтарын қорғаумен айналысады. Өз құзреті шеңберінде келесі көмектер беруге дайын:

  1. Құқықтық көмек көрсету үшін зорлық-зомбылықтың әр түріне тап болған әйел адамдарға көмектесу (арыз қабылдау, қорғау нұсқамасын қою т.б.), қажет болған жағдайда жәбірленушінің мекен жайына шығу арқылы;
  2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны арқылы консультативтік-құқықтық көмек көрсету;
  3. «Дағдарыс» орталығына орналастыру, «Отбасы» орталығынан көмек алуға жәрдемдесу;
  4. Өмірдің қиын жағдайына қалған әйелдерге психологиялық көмек көрсетеді;
  5. Жәбір көрсетуші тұлғаны (агрессорды) Орал қаласы Полиция басқармасының есебіне қойып, оған бақылау жүргізеді;
  6. Жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы көмек беріледі;
  7. Қосымша консультативтік көмектер көрсету;

 

Көмекке жүгінушілердің құпиялығы қамтамасыз етіледі. 

 

Сенім телефондарымыз: 8 771 595 05 54 немесе 8 (7112) 92-18-39.

Мекен жай: Орал қ., Ш.Айталиев көш., №10

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»