8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2022 4219 0
Жалын

Жәңгір хан университетінде ұлттық құндылықтар ұлықталды

 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Ырысын шашқан гүл көктем» атты мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов алғы сөз сөйлеп, университет ұжымы мен студенттерді келе жатқан 1 мамыр – Бірлік күні мерекесімен құттықтады.

Жиын барысында бір топ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлербасқарма төрағасы-ректорАсқар Наметовтің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ бұл салтанатты шарада «Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебінің профессоры Бейбіт Нәсиевке Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты табысталды.

Бұдан әрі мерекелік шараға жиналған қонақтар Жәңгір хан университетінің студенттері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық өнерден сусындады. Институттар мен орталықтар ұжымдары «Бірлік ауылы», «Ақ бидай ауылы» сынды киіз үйлерге бөлініп, қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті.

Мерекелік шарада ұлттық ойындар да ұмыт қалмады. Атап айтқанда, «Қой көтеру», «Арқан тартыс», «Асық ату», «Аударыспақ» сынды ойындар ойнатылып, жеңімпаздарды университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов марапаттады.

Шара соңында қонақтар университет ұжымы дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татты.

 

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»