8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2022 2553 0
Дені сау ұлт

Батыс аймақтық ЖОО волейболшылары БҚАТУ-ДА БАСҚОСТЫ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Батыс аймақтық жоғары оқу орындарының студент қыздары арасында волейбол турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі
Дәурен Мұқанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Турнирге Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командалары қатысып, өзара шеберліктерін сынға салды.

Екі күнге жалғасқан волейбол ойындарының нәтижесінде алаң иелері – «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» құрамасы жеңісті өз қанжығаларына байлады. Ал екінші және үшінші орындарды «М.Өтемісов атындағы БҚУ» құрамасы мен «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» құрамасы өзара бөлісті.  Сонымен қатар М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті Анна Луговая – «Үздік ойыншы», БҚАТУ студенті Диана Кинженова – «Үздік шабуылшы», БҚУ студенті Аяулым Дарибаева – «Үздік техника иегері», Атырау университетінің студенті Бұлбұл Мақсотова «Үздік қорғаушы» аталымдарымен марапатталды.

 Дина ЖАНГАЛИЕВА

БҚАТУ медиа орталығының маманы  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»