ОРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Бүгін, 14 ақпан күні Орал қаласында жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші — қалалық кезеңі басталды. Олимпиада 14 пән бойынша өтеді.
Қалалық олимпиада №4 ЖОжҚББ мектебінде өткізілуде. Санитарлық талаптар қатаң тәртіппен сақталған. Биыл пәндік олимпиада жаңа форматта — «1 оқушы-1 компьютер-1 камера» қағидасымен өткізілуде.
Оқушылар тапсырмаларды www.okulyk.kz платформасында орындайды. Олимпиаданың басталуы алдында оқушыларға нұсқама жүргізілді.
Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін жергілікті «Дарын» өңірлік орталығының өкіліне, мүдделі емес «үшінші тұлғаға» («Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) қатысуға құқық берілді. Сонымен қатар олимпиаданың екінші кезеңінің ашықтығын және академиялық адалдығын сақтау үшін оны өткізу процесі онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.
Орал қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектепішілік іріктеуден өткен 1300-дей оқушы қатысуға өтінім білдірген. Бүгін Биология және Информатика пәндері бойынша өтуде. Бұл пәндер бойынша 9-11 сыныптардан 213 қатысады.
Олимпиаданың қалалық кезеңі 19 ақпанда аяқталып, жеңімпаздарға облыстық кезеңге жолдама беріледі.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу