8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2022 2769 0
Қоғам

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ОЙ БӨЛІСТІ

Бүгін, 11 ақпан күні қала әкімі Абат Шыныбеков үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.

Орал қаласы бойынша қазіргі таңда 400-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері бар болса, бүгінде оның тек 60-қа жуығы белсенді жұмыс жасауда. Шаһар басшысы осы ұйымдармен кездесу өткізіп, бірнеше ұсынысты тыңдады.

– Қаламыз әлеуметтік, экономикалық,мәдени тағы да басқа жақтарынан күннен-күнге дамуда. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйым өкілдерінің де қосқан үлесі аз емес.Алдағы уақытта да бірлесіп, шаһарды дамыту жолында шаралар жүзеге асырамыз деген ойдамын. Ашық пікір алаңы болғандықтан өз ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар, – деді қала әкімі.

Жиынға облыстық құрылыс, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаламалар,денсаулық сақтау басқармалары мен Орал қаласының дербес бөлім басшылары, саяси партия өкілдері қатысты.

Басқосуда үкіметтік емес ұйым өкілдері тұрғын үй, «Инватакси» қызметі, мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамту, инклюзивті білім беру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын кеңейту, медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты ойларын ортаға салып, шаһар басшысы назарына бірнеше ұсыныстарын жеткізді.

Алдағы уақытта жиында көтерілген мәселелерге қатысты арнайы салалар бойынша кездесулер ұйымдастырылатын болады. Әр тоқсандық кедесулерде осы көтерілген мәселелердің жүзеге асуы талқыланбақ.

Ақарыс Әйіптегі,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
43 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
93 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
280 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»