ҚАЗИИТУ МЕН БҚО СОТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ НЫҒАЯДЫ
Бүгін, 11 ақпан күні ҚазИИТУ кешенінде аса маңызды шара өтті. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен Қазақстан инновациялық және телекоммуникацияық жүйелер университеті 5 жылдық меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету, оның зияткерлік әлеуетін арттыру, жаңа формацияда заң кадрларын дайындау, «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасының» міндеттері мен принциптерін іске асыру. Осы тұрғыда өткен жиынды ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, полковник, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Талғат Рахметов ашып, жүргізді.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы, профессор, академик, ҚР Ұлттық Инженерлік академияның БҚО филиалының төрағасы Ақсерік Әйтімов, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің ректоры, ҚР Ұлттық инженерлік ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Әліби Баяхов, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрайымы Алтынай Давлетова, БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Альбина Абилькаримова, «Алаш» сыйлығының иегері, қалалық «Жайық үні» газетінің бас редакторы, жазушы Мира Шүйіншәлиева және басқа да арнайы шақырылған қонақтар мен заң факультетінің оқытушылары, студент-жастары қатысқан шарадан алған мағлұматымыз көп болды.
Шарада ынтымақтастық аясында жүзеге асатын дөңгелек үстелдер жайлы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, ақпараттық басылымдар шығару, «Шешендік өнер», «Сот риторикасы», «Сот және сот төрелігі», «Әкімшілік құқығы», «Әкімшілік іс жүргізу құқығы» пәндерін оқыту үрдісіне енгізу, университет студенттері мен магистрантарына оқу, өндірістік, диплом алды, эксперименталдық тәжірибеден өтуіне қолдау көрсету туралы жан-жақты кеңестер берілді. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Ақсерік Сарыұлы бұл жобаның студенттерге берері мол екенін және жарқын болашаққа жол ашатынын айтып өтті. Сондай-ақ, дәрісхана толы студенттер қызығушылықтарын танытып, көкейде жүрген сұрақтарын жолдады. Осы орайда судья Алтынай Тельманқызы сот жұмысының күрделігі жөнінде түсіндіріп, сот іс-шарасының Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қалай жүзеге асатыны жайлы айтып өтті.
Маңызды жиын соңында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті атынан ректор Әліби Баяхов пен Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрайымы Алтынай Давлетова арнайы дайындалған маңызды құжат – Меморондумға қол қойды. Бұдан былай, аталмыш оқу кешені мен соттар арасында әскерлік-кәсіби байланыс дамып, екі жақты жұмыс қарқынды жүзеге асатын болады. Бұл, қазитулық студенттерге берілген зор мүмкіндік деп есептейді осы шараға қатысқан меймандар. Себебі, аталмыш білім-ғылым оқу кешенінде заң, құқық қорғау саласы тереңірек дамитын болады.
Еске сала кетсек, білім ордасының төрт қабатты ғимараты арнайы сот залына, Құқықтану кафедрасына және осы саладағы дәрісханаларға арналған.
Гүлбибі БАҚТЫБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру



Пікір үстеу