БҚО-ДА 2015 ЖЫЛҒЫ БАЛА СЕПТИККЕ ҚҰЛАП КЕТТІ
Оқиға бүгін, 8 ақпан күні орын алды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 101 пультіне сағат 13.38-де Теректі ауданы, Подстепное аулылы, Лесная 40 мекенжайында кішкентай баланың септик шахтасына түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар аталған мекенжайда 2015 жылы туған кішкентай ер бала ойнап жүріп, жаңадан салынып жатқан үйдің ауласындағы септик шахтасына түсіп кеткенін анықтады.
Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Тимур Бегалиев бастаған төрт құтқарушы әлі іске қосылмаған құрғақ септиктің шахтасында жатқан баланы альпинисттік құрылғылардың көмегімен тез арада құтқарып алып, жедел жәрдем қызметіне берді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақыттта бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған.
– Бала бас пен мидың жабық жарақатын алған. Миы соғылған. Төбе сүйегі сынған. Жағдайы ауыр, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу