8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2022 2136 0
Дені сау ұлт

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ПАЦИЕНТТЕР ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛА АЛАДЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған пациенттердің қандай медициналық көмекке сенім арта алатындығы және ол қызметтің қалай көрсетілетіні туралы мәлімет таратты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің бірыңғай сатып алушысы болып табылады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізеді.

МӘМС тізбесіндегі қызметтер «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға ұсынылады.

Сақтандырылмаған пациенттер қандай көмек күте алады? Оларға ТМККК-де көзделген медициналық көмектің түрлері ұсынылады.

ТМККК кімге тиесілі?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражатынан төленеді және олар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына,
  • қандастарға,
  • босқындарға,
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге,
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК алуға құқығы бар.

ТМККК-ге не кіреді?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

  1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып (яғни шұғыл көмек қажет болған жағдайда пациентке оның сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан көрсетілуі тиіс);
  2. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметтері (МСАК, яғни бұл негізінен сіздің емханаңыздың учаскелік қызмет деңгейінде көрсетілетін негізгі қызметтер), оның ішінде:

1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;

4) иммундау (вакцинация);

5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;

7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

3. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек (бұл емхана деңгейінде, оның ішінде есепте тұрғандар үшін және шұғыл жағдайлар туындаған кезде көрсетілетін қызметтер):

1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;

2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;

3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.

4. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (айтпақшы, бұл коронавируспен ауырған науқастарды үйде емдеуді де қамтиды):

1) әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу кезінде;

2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;

3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

5. Стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек (пациенттердің белгілі бір санаттары үшін ауруханада емдеу):

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;

4) жоспарлы тәртіпте.

6. Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеуде;

2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

7. Паллиативті медициналық көмек;

8. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

9. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;

10. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту;

11. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету. (Әлеуметтік маңызы бар, созылмалы аурулары бар динамикалық есепте тұрған адамдар үшін қарастырылған. Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 49 нозология қамтамасыз етіледі. Тізбе ҚР Денсаулық сақтау министрінің №75 бұйрығымен бекітілген).

Аталған барлық жағдайларда сақтандырылмаған азаматтар мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде оларға көрсетілетін қажетті көмекке сене алады.

Егер сізге шұғыл көмек қажет болса, ал сізге МӘМС-де сақтандырылу мәртебесінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, оны көрсетуден бас тартылса, дәрігерге пациенттің өз құқықтары туралы мәлімдеу және олардың сақталуын талап ету қажет. Қорға осындай өтініштер жиі келіп тұрады, сондықтан азаматтарды өз құқықтарын білуге шақырамыз.ӘМСҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан

Егер МӘМС үшін жарналар төлемесе, пациенттер тіпті емханаға жүгінбейтін де фактілер бар. Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған жағдайлар бойынша тегін көмектен сізге бас тартпау керек.

Сонымен бірге, Қор медициналық қызметтердің кең тізімін пайдалану үшін МӘМС жүйесінің қатысушысы болуды ұсынады. Атап айтқанда, бұл тар бейінді мамандардың консультациялары, диагностикалық зерттеулер, жоспарлы операциялар, соның ішінде қымбат тұратын операциялар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда оларды емхананың анықтама қызметіне қоюға немесе жағдайды шешу үшін Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға болады. Егер сол жерде түсіністікке қол жеткізу мүмкін болмаса, сіз үшін ыңғайлы байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласуыңыз керек: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

https://kaz.zakon.kz/6002113-mms-zhuiesinde-saktandyrylmagan-patsientter-kandai-meditsinalyk-komek-ala-alady.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
270 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
265 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
559 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1031 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1407 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1256 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1766 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2385 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2548 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2555 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2605 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2611 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2171 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3089 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3143 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3135 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3756 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3718 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3708 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3683 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3846 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»