8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қаңтар 2022 1797 0
Қоғам

ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ҮЙДІҢ АҚЫСЫ ӨТЕЛЕДІ – ҮКІМЕТ ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады

 Үкімет тұрғын үйді жалға алғу үшін берілетін төлемдерге қатысты қаулыны қабылдады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 25 қаңтарда үкімет индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады», – делінген ресми хабарламада.

Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады.

Айта кетері, 2020 жылғы жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев арендалық төлемді субсидиялау тетігін енгізуді тапсырған болатын. Онымен әкімдіктің баспана кезегінде тұрған мыңдаған адам қамтылады деп жоспарланған.

Сол кездегі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жаңа бастаманы іске асыру жобасын да таныстырды. Оған сәйкес, арендалық төлемнің 70-80 проценті бюджет есебінен өтеледі.

Жалға алынатын баспанаға қатысты талап та болады деген. Атап айтқанда, арендалық үйдің ауданы 40-80 шаршы метр болуы шарт.

Ал отбасының табысы әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.

Атамқұлов жылдың соңына дейін нақты шешім шығарылады деп айтқан.

https://sputnik.kz/society/20220126/19217390/Arendalyk-iy-ukimet.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»