8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қаңтар 2022 1799 0
Қоғам

БҚО-ДА АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 77 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІЛІК АНЫҚТАЛҒАН

Батыс Қазақстан облысында 2025  жылға дейін 77 мектептің құрылысына қажеттілік анықталған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оның 51-і ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектеп. Жобалық қуаттылығынан артық 26 модульдік мектеп анықталған.

БҚО білім басқармасының дерегінше, Президенттің облыста модульдік мектептер салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес 60 және 108 орындық шағын жинақты мектептер салу жоспарланған көрінеді. 2022 жылы шағын жинақты 16 мектептің құрылысын әлеуметтік инвестициялық жобалар аясында КПО Б.В. есебінен іске асыру жоспарлануда.

Білім басқармасы жеке мектептер құрылысына жеке инвесторларды тарта бастаған. Атап өтсек, «Нуркапстройгаз» ЖШС Зашаған кентінде 900 орындық мектептің  іргетасын қалады.

«Каз-Холл» ЖШС Орал  қаласының №31 апатты жағдайындағы мектепті бұзып, орнына 400 орындық мектеп салмақ.

Қазір БҚО-да 10 білім беру нысанының құрылысы жүруде. Былтыр 8 мектептің құрылысына 4 млрд. 860 млн. 696 мың теңге қаражат бөлінген.

https://sarapshy.info/b-o-da-alda-y-sh-zhylda-77-mektepti-rylysyna-azhettilik-any-tal-an/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
130 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
168 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
422 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»