8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2022 1895 0
Қоғам

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА БҚО-НЫҢ КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысып, онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген өңірдің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Бұл туралы  БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кешенді жоспар облыстың проблемалық мәселелерін терең талдау негізінде әзірленіп, 116 іс-шараны қамтыды. Оларды іске асыру үшін шамамен 2,6 трлн. теңге көлемінде қаржы қажет.

Құжатта бюджеттен тыс қаражат – квазимемлекеттік сектор мен жеке инвесторларды тартуға басты назар аударылғанын атап өткен жөн. Бұл шығыстардың 80% – ға жуығы жеке бизнес есебінен және МЖӘ тетігі арқылы қаржыландыру қарастырылған.

Жоспарда өңірді тауарлық газбен қамтамасыз ету, электр желілері мен автомобиль жолдарын жөндеу, Орал және Ақсай қалаларында жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау желілерін, кәріздік тазарту құрылыстарын реконструкциялау мәселелерін шешу көзделген.

Тұрғын үй саласында 3 млн.ш. м. тұрғын үйді іске қосу, облыс аудандарында – сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жоспарлануда, бұл 2025 жылдың соңына қарай ауыл халқын сумен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік салада емхана, кардиологиялық орталық корпусы, ауылдарда модульдік медициналық нысандар, мектептер, оңалту орталығы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу көзделген.

Облыс әкімі атап өткендей, кешенді жоспарды іске асыру 4 жыл ішінде 38 мың жаңа жұмыс орнын құруды, өңір тұрғындарының көптеген әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешуді қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, бұл халық табысының өсуіне оң әсер етуі тиіс.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
87 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
134 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
172 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
424 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
446 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»