ЕЛ АМАНАТЫН ОРЫНДАЙ БЕРМЕК
Бүгін, 22 желтоқсан күні Орал қалалық мәслихатының жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланып, «Мәслихаттар: Елмен бірге ертеңге!» атты салтанатты іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, мәслихат депутаттарына бірлескен жұмыстары үшін алғыс білдірді.
– Алдымен баршаңызды ұлық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қастерлі ұғым жоқ. Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгелермен теңесіп, даму жолында жаңа қадамдар жасадық. 30 жыл ішінде жеткен толағай табыстарымыз алдағы уақытта тек жаңа мүмкіндіктерге бастайды деген сенімдеміз. Мәслихат депутаты қашанда билік пен халықтың арасын жалғап тұратын алтын көпір іспеттес. Халық қалаулылары жергілікті мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі. Биыл қала әкімдігі мен қалалық мәслихат тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытында бірлесе жұмыс атқарып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірқатар оң шешімдер қабылдады. Пандемия жағдайына қарамастан әр салада жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе білдік. Бұл тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әр тұрғынның туған жерге деген жанашырлығы мен еңбектерінің нәтижесі, – деді шаһар басшысы.
Орал қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алға қойған міндеттерді атап өтті.
Еңбекте еленіп, халық қалаулыларына айналған депутаттар қорытынды кеште Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің Алғыс хатымен Тимур Ажғалиев, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен Сергей Доля, Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен Азима Ғұбашева, «Үздік депутат» төсбелгісі және Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен Серік Мұхамбеталиев, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымн Марат Қаженов, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен Жанна Кенжина, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хатымен Арман Биғалиев марапатталды. Орал қалалық мәслихат хатшысының Алғыс хатымен Ғайсағали Сейтақ марапатталды.
Сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысы Есентай Ғиниятұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне құрметін білдіріп, халық қалаулыларының жыл он екі ай бойы атқарған жұмыстарын оқырман қауымға насихаттап жүрген өлкедегі бір топ БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар табыстады. Асыланбек Ғұбашев, Бауыржан Ғұбайдуллин, Мира Шүйіншәлиева, Сауле Зағидуллина, Бағдат Ізмағанбет, Жанбол Ғалиевтар марапатқа ие болды.
Журналистер атынан ризашылығын білдірген жазушы Мира Шүйіншәлиева Орал қалалық мәслихатының хатшысы Есентай Қалиев бастаған халық қалаулыларының жерлестер алдында атқарған бір жылдық жұмысына бес деген баға беріп, олардың ел аманатын орындау жолында қалғып кетпеуін, сүрінбей сергек жүрулерін тіледі.
– Қалалық «Жайық үні» газетінде арнайы «Мәслихат депутаттары» деген айқарма бет бар. Осы басылымға біз Ляна Турсунова, Тұрарбек Тілемісов, Валентина Михно секілді іскер жандардың тынымсыз еңбегін, жұртқа жасаған жақсылықтарын жаздық. Облыстық мәслихаттың депутаты болуына оқырмандармен бірге ықпал еттік. Бүгінгі депутаттармен де күш-біріктіруге, рухты көтеруге дайынбыз. Бүгінде «иненің көзінен» өткен, сенімнің биігінен көрінген Серік Мұхамбетқалиев, Әзима Ғұбашева, Марат Қаженов, Арман Бигалиев, Нұргүл Ашықовадай белсенді халық қалаулылары үкілеген үмітті ақтап келеді. Төртінші онжылдыққа қадам басқан Тәуелсіздігімбен мақтанып, Қазақ Елі үшін алда болайық,- деді Мира Хамзақызы.
Іс-шара өңір өнерпаздарының әсем әні мен биіне ұласты. Қаладан сайланған мәслихат депутаттарына жиналған қауым зор сенім жүктеп, аман жүрулерін тіледі.
Ақарыс ӘЙІПТЕГІ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру




Пікір үстеу