8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2021 2547 0
Қалалықтар қаперіне

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕКІ АЛАҢ

Тәуелсіздік мерекесіне орай, Оралда екі спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары ашылды.

Шаһарда көпқабатты үйлердің аулаларын жаңарту, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ойыны мен жаттығулар жүргізуіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның бір дәлелі – айтулы мереке күні қаланың қос ауданында ашылған заманауи үлгідегі ойын алаңдары.

Алаңдардың ашылуына қатысқан қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев жергілікті тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады.
«Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бүгін екі жерде спорт және балалар ойын алаңдарын халық игілігіне арнап отырмыз. Мұндай аймақтардың қала тұрғындарының демалысы үшін және бұқараның салауатты өмір салтын ұстану үшін маңызы зор. Осы алаңдарда жас жеткіншіктер спортпен шұғылданып, болашақта ел мерейін үстем етер спортшылар болсын. Жаңа нысандар жалпы бұқараның тынығатын жайлы орындарына айналсын. Игіліктеріңе пайдаланыңдар!», —деді А.Шерғалиев.

Нысандарды ашу лентасы қиылған бойда балғындар арасында футболдан өзара жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Балалардың қуаныштарында шек болмады.

Тұрғындар игілігіне ұсынылған алаңдарда кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен спорттық алаң бар. Құрылыс жұмыстарын «ЖайықСити» ЖШС жүргізген.

Еске сала кетейік, биыл қалада барлығы осындай 20 спорт және балалар ойын алаңдары пайдалануға берілген болатын.

Ақағыс ӘЙІПТЕГІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»