ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИЛЕРГЕ СЫЙ ЖАСАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 72 сәбиге Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ КЕ АҚ БҚОФ хабарлады.
«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.
«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазылған Президенттің құттықтауында.
16 және 17 желтоқсан мереке күндері Батыс Қазақстан облысында 72 сәби дүниеге келген.
«Дүниеге келген балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді ХҚО қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАТ органдарына жолдады. АХАТ қызметкерлеріне туу туралы куәліктерін ресімдегені, Қазпошта қызметкерлеріне «Сүйінші»-бокстарды жеткізгені, сондай-ақ барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының директоры Нәдір Құрымбаев.
Сүйінші-боксты алғаш болып алғандар жаңақалалық Кәмшат пен Қахарман Зинуллиндер. Жанұясы екі бірдей сәбимен толыққан ата-ананың қуанышында шек жоқ. Егіздеріне Тарғын және Торғын есімдерін берген. Зинуллиндер әулеті өмірлеріндегі осындай қуанышты сәтте үкімет тарапынан көңіл бөлініп жатқанына ризашылықтарын білдіруде.
«Қазпошта» АҚ БҚОФ директорының орынбасары Нұрғиса Камашевтың айтуынша, қазіргі уақытта бокстар Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Сырым аудандарына жолданған. Кейбір аналар сыйлықтарды облыстық перинаталдық орталықта алатын болады.
Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен» бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу