«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» БҰҰ СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ
2021 жылғы 13 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) БҰҰ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Бұл награданы БҰҰ әлеуметтік-экономикалық кеңесі жыл сайын барлық деңгейдегі мемлекеттік қызмет саласындағы үздік жетістіктер үшін табыстайды. Алғашрет 2003 жылы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің (UNDESA) ұйымдастыруымен бастау алған шараны мемлекеттік ұйымдар мен цифрлық басқару бөлімі (DPIDG) қадағалайды.
БҰҰ сыйлығы мемлекеттік мекемелердің шығармашылық жетістіктері және мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді және жедел жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін беріледі. Сыйлық мемлекеттік қызметтердің транспаренттілігін, есептілігі мен жеделдігін арттыру, қызметтер ұсыну жүйесін жетілдіру, инновациялық тетіктерді пайдалана отырып директивалық шешімдер қабылдауға қатысуды көтермелеу, басқару саласында білім алмасуға жәрдемдесу сияқты санаттар бойынша ұсынылады.
Ұйымдастырушылар мемлекеттік корпорацияның барлығына инклюзивті және тең құқықты қызметтерді ұсынудағы алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен инновацияларын атап өтті. Бүгін ұйымдастырушылар марапатты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Әділ Қожықовқа салтанатты түрде табыстады.
«Біз бұл марапатты алғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмысымызды БҰҰ өкілдері жоғары бағалады. Біздің цифрлық трансформация арқылы адамдардың барлық санаттары үшін қолайлы және тең жағдай жасағанымызды атап өтті. Біз клиенттерімізге ең қолайлы жағдайларды ұсынуға тырысамыз. Бұдан әрі де осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз. Мемлекеттік корпорацияның әрбір қызметкеріне біздің саламыздың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Бұл біздің ортақ жетістігіміз», –деді Әділ Қожықов.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің кез келген ұйымы мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлығына үміткер бола алады. Бұл марапатты 2003 жылдан бері әлемнің 82 еліндегі 250 бастамашы ұйым алды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабымен ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум аясында ұсынылды.
Айта кетейік, 2016 жылы құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгінде азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай провайдері.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу