8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Желтоқсан 2021 10276 0
Жалын

БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ХІҮ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, 30 қараша облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов жаратылыстану-математикалық бағыттағы ХІҮ Президенттік олимпиадасының жүлдегері Айдана Қапасовамен кездесіп, арнайы құттықтады.

Кездесуге білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева,  Айдана Қапасовамен бірге анасы, мектептегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерінің мұғалімдері қатысты.

ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласындағы Академик Е.А.Бекетов атындағы Қарағанды университетінің  базасында жаратылыстану-математикалық циклі пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Президенттік олимпиада  2008 жылдан  бері өткізіліп келеді.

Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан іріктеу кезеңінің 182 жеңімпазы қатысты. Қатысушыларға арнап Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенттінің тарихи-мәдени орталығына және «Қысқы баққа» экскурсия ұйымдастырылды.

Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша182 қатысушының арасынан 48 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, оларға Қазақстан республикасының 20-ға жуық  беделді ЖОО-ры арнайы грант тағайындады. Олимпиадаға өңірімізден 10 оқушы қатысты.

Қорытынды бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектебінің 11-сынып оқушысы Капасова Айдана – ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды.

Жүлдегерге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан және С.Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеттерінің 100% мемлекеттік грант сертификаттары табысталды.

Кездесу барысында Б.Нарымбетов олимпиада жүлдегеріне болашақта бұданда биік белестерді бағындыруын тілеп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»