ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ОРАЛДА 19 МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Бұл туралы бүгін, 30 қараша күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған «Тәуелсіздік жылдарындағы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбындағы брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков баяндады.
Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Оралда 19 мектеп, 26 мемлекеттік балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы ашылды. Қазіргі уақытта қаламызда 59 күндізгі мектеп, 50 мемлекеттік балабақша бар және 84 жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауда.
– 1986 жылы қазақ рухының қыраны Жұбан Молдағалиев қазақ мектептерінің аздығын айтқан болатын. Шынында сол жылдары қаламызда қазақ мектептерінің саны не бары 3 пайызды құрады. Ал бүгінгі күні Оралда қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 87 пайызды құрайды. Яғни, қаладағы 58 мектептің 27-сі – қазақ тілінде, 7-і – орыс тілінде оқытады, ал қалған 24-і – аралас мектептер. 1991 жылы 31 мың оқушы болған болса, бүгінде қала мектептерінде 59 319 (0-11 сынып) оқушы білім алуда. 16 мыңдай бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, – деді Абат Абайұлы.
Жуырда Орал қаласында тағы екі мектеп тапсырылады деп күтілуде.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу