САЛЫНҒАНЫНА 60 ЖЫЛДАН АСҚАН КӨППӘТЕРЛІ ҮЙЛЕР БАҒДАРЛАМАҒА ЕНГІЗІЛІП, ЖАҢҒЫРТУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Орал қаласында «Орал қаласының 2021-2025 жылдарға арналған «Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын» іске асыру бойынша бірқатар шаралар жүзеге асыруда. Қазіргі таңда қаланың ескі тұрғын үй қорын жүйелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орал қаласы әкімдігінің мәлім еткеніндей, бұл жұмыстармен ағымдағы жылдың қазан айында Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанынан арнайы құрылған “реновация” бөлімшесі айналысады.
—Бүгінгі таңда Орал қаласы бойынша ескі тұрғын үй қоры 30 пайызды құрайды. Оның ішінде 52 үй ресми түрде апатты деп танылып, аталмыш бағдарламаға енгізілді. Бөлімше мамандары қала тұрғындарына бағдарламаға қатысуға, құжаттарды дайындауға көмектеседі. Қазіргі күні қала әкімдігі тұрғын үй құрылысына қатысты инвесторлармен 17 меморандумға қол қойды. Ал ескі тұрғын үйлерді реновация бағдарламасы арқылы жаңғырту бойынша 6 нысанда құрылыс жұмыстары басталып кетті, – дейді реновация бөлімшесінің маманы Шынар Даубатырова.
Ескі үйлердің тозу дәрежесін анықтау бойынша одан әрі жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты салынғанына 60 жылдан асқан қаланың көппәтерлі үйлерді реновация бағдарламасына енгізу мақсатында тұрғындар тарапынан өтініштер қабылданады.
Реновация бөлімшесі сәулет және қала құрылысы бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл жасалып жатқан жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жаңарту мақсатында Үкімет тарапынан орындалып отырған игі шара.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу