8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2021 8926 0
Өзек

МАС ЖҮРГІЗУШІ БАҒАНАНЫ ТҮЙДІ

Оқиға бүгін, 23 қараша түнгі сағат 1.50-де  Н.Назарбаев даңғылы мен Сарайшық көшелерінің қиылысында болған. Жолаушылар зардап шеккен жоқ.

БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша,  2000 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы тізгіндеген ресейлік нөмірлі ВАЗ 21114 маркілі автокөлігі жол жиегіндегі жарық бағанасына соғылған.  Жүргізуші мас болған. Көлікте Өзбекстан азаматтарының 3 жолаушысы болған, олар зардап шеккен жоқ.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

– Өкінішке орай, ресейлік нөмірлі көліктердің жүргізушілері  түрлі құқық бұзушылықтарға барады. Бұл көліктер Қазақстан Республикасында тіркелмегендіктен, иелерін қадағалау мүмкін болмай тұр. Осыны біле тұра, олар мас күйінде рөлге отырады, тіпті көпшілігі жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсетеді, такси қосымшалары арқылы жұмыс істейді. Бұл көлік Ресей Федерациясында тіркеуден шығарылған, бірақ Қазақстан Республикасында тіркелмеген, құжаттары бойынша мұндай көліктер жоқ, сондықтан жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушіден өтемақы алу өте қиын болады, – деді БҚО ДП ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»