ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Орал қаласы әкімдігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қала тұрғындарынан аулаларды абаттандыруға өтінімдер қабылдайтын болады.
Оралда биыл»Халық қатысатын бюджет» аясында 37 аула абаттандырылды. Бұл жоба қала тұрғындарының бастамасына бағытталған – олар өз аулаларынан не көргісі келетінін және балаларымен, егде ата-аналарымен бірге бос уақытын қайда өткізгісі келетіндігі туралы үлгі жоспарды қоса отырып, әкімдікке аулаларды абаттандыруға өтінім береді.
Қала әкімдігі алдағы жылға 31 ауланы абаттандыруды жоспарлап отыр. Соған сәйкес өтінімдер күтіледі.
«Қазіргі уақытта үй маңындағы аумақтарды таңдау кезінде басшылыққа алатын басты қағидат – бұл тұрғындардың аулаларын абаттандыру жобаларын жасау процесіне қатысуы. Яғни, аулаларының жаңартудан өткенін қалайтын тұрғындар өздері бағдарламаға қатысуға ықылас танытып, өтініш берулері керек» – деп хабарлады қала әкімдігі.
Кешенді абаттандыру жұмыстарына өтініш uralsk.smartmap.kz геоақпараттық порталында жүргізілуде. Қала әкімдігі өтінімдер қабылдау уақыты қосымша хабарланатынын жеткізді.
Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» қағидаты бойынша аула аумақтарын кешенді абаттандыру 2020 жылы іске қосылған болатын. Бұл – қала тұрғындарының өздерінің бюджет ақшасын қалай жұмсайтынына бірлесе таңдау құқығын береді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу