8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2021 2226 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының лауазымына Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы тағайындалды.

Ғалиев Ерлан Ерсайынұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауданының Г.Молдашев атындағы орта мектебінің, Орал қаласының №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
– Орал қаласының №19 орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
– Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры;
– Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары;
– Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
___

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»